Мектеп президенті мен мектеп парламенті мүшелерінің 2025–2026 оқу жылының ІІІ тоқсанына арналған жұмыс жоспарына сәйкес жоспарлау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында маслихат отырысы өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты – ІІІ тоқсанға жоспарланған тәрбиелік, қоғамдық және әлеуметтік бағыттағы іс-шараларды талқылау, жауапты тұлғаларды бекіту және іс-шаралардың орындалу мерзімдерін нақтылау болды.
Маслихат барысында мектеп президенті мен парламент мүшелері өз ұсыныстарын ортаға салып, жоспарланған жұмыстарды тиімді ұйымдастыру жолдарын қарастырды. Сонымен қатар оқушылардың белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту және мектепішілік өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру мәселелері талқыланды.
Отырыстың қорытындысы бойынша ІІІ тоқсанға арналған жұмыс жоспары бекітіліп, нақты тапсырмалар жүктелді.





