КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

Мектеп Президентін сайлау

Previous Next

2025 жылдың 17 қазан күні «Кирилловка орта мектебі» КММ «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектеп Президентін сайлау өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың өз бетімен шешім қабылдау, жауапкершілік сезімін арттыру, ұйымшылдық пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ мектеп өміріне белсенді қатысуға ынталандыру болды.
Сайлау барысында мектеп Президенттігіне үміткерлер өз сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, оқушылар алдында өз идеялары мен көзқарастарын қорғады.
Дауыс беру ашық әрі әділ түрде ұйымдастырылып, нәтижесінде ең көп дауыс жинаған 9 «А» сынып оқушысы Асқарбекұлы Нұрисламбек мектеп Президенті болып сайланды.
Записаться на прием