Мектепішілік күзгі демалыс уақытындағы тәрбие жұмыстарының жоспарына сәйкес, мектеп ұлдары арасында футзал жарысы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтына баулу, спортқа қызығушылығын арттыру және достық қарым-қатынас пен командалық рухты қалыптастыру.
Жарыс жоғары деңгейде өткізіліп, оқушылар белсенді қатысты. Әр команда өз шеберліктерін, жылдамдықтарын және ойын тактикасын көрсете білді. Іс-шараны ұйымдастырушы: дене шынықтыру пәні мұғалімі
Б.М. Бекенов.





