Мектептің бекітілген тәрбие жоспарына сәйкес НВиТП пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы Е. Тлегеннің ұйымдастыруымен 9–10 сынып оқушылары арасында әскери-спорттық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар автомат Калашников АК-74 қаруын жартылай бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды жарақтау, сондай-ақ нысанаға ату (пневматикалық/оқ ату жаттығулары) бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға және бастапқы әскери дайындық негіздерін меңгеруге бағытталды.





