2025 жылғы 24 қыркүйек күні география пәні мұғалімі Б.А.Акишев «Озон қабатын қорғау күніне» арналған дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға 10-сынып оқушылары қатысты. Бұл кездесу озон қабатының маңыздылығын түсіндіруді және Жер бетіндегі тіршілікті сақтаудағы рөлін ұғындыруды мақсат еткен халықаралық экологиялық бастаманың бір бөлігі болды.
Жиын барысында оқушылар озон қабатының зиянды ультракүлгін сәулелерден қорғаудағы қызметі, оның жұқару себептері мен салдарлары туралы мәлімет алды. Сонымен қатар, табиғатты қорғауда әрбір адамның жауапкершілігі мен үлесі жайында ой бөлісті.





