2025 жылдың 23 қазан күні Саумалколь ауылында Қазақстан Республикасы күніне арналған 2011 жылы және одан кіші туылған оқушылар арасындағы футзалдан ашық турнир өтті.
Бұл жарыста Кирилловка орта мектебінің командасы жоғары нәтиже көрсетіп, үздік ойын өрнегін көрсетті. Команда құрамында: Бағдат Мадияр (8 сынып), Ботабай Айдос (8 сынып), Мұратхан Сұлтан (7 сынып), Ермек Алихан (7 сынып), Анарбек Нұрлыбек (7 сынып), Тумгоев Ибрагим (7 сынып), Беневский Константин (7 сынып), Погодин Александр (8 сынып), Асқарбекұлы Нұрисламбек (9 сынып), Жеңісұлы Дінмұхаммед (9 сынып). Жарыс нәтижесі бойынша біздің команда I орынды иеленіп, турнир кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, ойыншыларымыз барлық жеке номинацияларда да үздік атанды:
🏆 «Үздік шабуылшы» – Асқарбекұлы Нұрисламбек
🏅 «Үздік қорғаушы» – Ермек Алихан
🥇 «Үздік қақпашы» – Анарбекұлы Нұрлыбек
Жеңімпаздарымызды осы зор жетістікпен шын жүректен құттықтаймыз!
Сондай-ақ, команданы жоғары деңгейде дайындап, жеңіске жеткізген ДЮСШ жаттықтырушысы М. С. Рамазановқа алғысымызды білдіреміз! Жаңа жеңістер мен биік белестерге жете беріңіздер! ⚽👏





