Құрметті әріптестер мен ата-аналар!
Алаяқтықтың алдын алу және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз.
Банк карталарын, олардың деректерін, PIN-кодтарды және бір реттік құпия сөздерді үшінші тұлғаларға бермеңіз, олар өздерін банк қызметкерлері, мемлекеттік орган өкілдері немесе таныстарыңыз ретінде таныстырса да.
Естеріңізде болсын: банк қызметкерлері ешқашан құпия ақпаратты телефон арқылы, мессенджерлерде немесе әлеуметтік желілерде сұратпайды.
Сақ болыңыздар және жеке деректеріңізді қорғаңыздар.





