Бүгін 25.12.2025 ж "Кирилловка орта мектебі"КММ жанындағы шағын орталықта Жаңа жыл мерекесіне орай "Төрле,төрле Жаңа жыл "атты ертеңгілік мерекелік безендірілген залда өткізілді. Мақсаты: Балаларға Жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру. Ертегі кейіпкерлері арқылы балалардың қиялын тілін дамыту. Балалар әдемі Жаңа жылдық киімдер киіп, көтеріңкі көңіл күймен қатысты. Іс -шара барысында балалар Жаңа жыл туралы тақпақтар айтып, әндер орындап көңілді би биледі. Мерекеге Аяз ата,Ақшақар (Аққала және Тікенек) қатысып балалармен түрлі ойындар ойнатты.Балалар қимылды ойындарға белсене қатысты.Ертеңгіліктің соңында Аяз ата балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап,сыйлықтар табыстады.Балалар мерекеден ерекше әсер алып,қуанышты көңіл күймен тарқасты.Ұйымдастырушылар тәрбиешілер мен Әдіскерлер ұйымы.
Жаңалықтар
"Төрле,төрле Жаңа жыл" мерекесіне арналған ертеңгілік
Қаралды: 31





