КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы\сенбілік

Previous Next

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

     2025 жылдың 19 қыркүйек күні "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру барысында, сондай-ақ «Қамқор» жобасы аясында және Дүниежүзілік тазалық күніне орай «Таза Қазақстан» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, сенбілік өткізілді.

Аталған шараға мектеп ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Сенбілік барысында мектеп ауласы мен оның маңайы тазартылып, қоқыстар жиналды, жасыл желекке күтім жасалды.

     Іс-шараның негізгі мақсаты – жастарға табиғатты аялаудың маңыздылығын ұғындыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және ұжымдық еңбекке баулу болды.

Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақтың бойына қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды және еңбекқорлықты сіңіруге ықпал етеді.

Записаться на прием