Мектепішілік «Жас ұлан» ұйымының жылдық жоспарына сәйкес аға тәлімгер Р.И. Байгонова және «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Вандализм және бұзақылық» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, мектеп пен қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау, сондай-ақ өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарау мәселелері талқыланды.
Дәйек сөз ретінде «Әділдік берік болсаң – аяғың таймайды!» мақалын қолдану арқылы оқушыларға адалдық пен әділдіктің қоғамдағы маңызды құндылық екендігі түсіндірілді. Шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, тақырып бойынша пікір алмасып, сұрақтарға жауап берді.





