«Заң және тәртіп» айлығы аясында 19 қаңтар күні «Заң мамандықтары» күніне орай Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Т.В. Герасимова және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары А.К. Мұқашева оқушылармен кездесу өткізіп, заң саласындағы мамандықтар туралы мазмұнды әңгіме және кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында оқушылар заң саласының маңыздылығы, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі, болашақ мамандықты дұрыс таңдаудың жауапкершілігі туралы құнды ақпарат алды. Кездесу оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, мамандық таңдауға деген қызығушылығын оятты.





