«Заң және тәртіп» айлығы аясында 2026 жылғы 30 қаңтарда айлықтың жабылуына арналған тақырыптық саптүзеу өткізілді. Іс-шара барысында мектеп директоры А.Е. Бубинеева айлық аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқан барлық қатысушыларға және мектеп педагогтеріне алғыс білдіріп, атқарылған жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, мектеп Парламентінің мүшелері аталған іс-шараға байланысты дайындалған заң баптарын оқып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған ой-пікірлерімен бөлісті.
Аталған саптүзеу оқушылар арасында заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға оң ықпал етті.





