«Заң және тәртіп» айлығы аясында 23 қаңтар күні «Заң балалар көзімен» күніне орай білім алушылар арасында сурет салу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға деген құрметін арттыру және қоғамдағы заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру. Оқушылар өз жұмыстарында әділдік, жауапкершілік пен тәртіп ұғымдарын шығармашылық тұрғыда бейнеледі.





