КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

"Заң және тәртіп" айлығы шеңберінде 22 қаңтар күні Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен Zoom платформасы арқылы онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 8-сынып оқушысы Ботабай Айдос пен 9-сынып оқушысы Асқарбекұлы Нұрисламбек

Previous Next

"Заң және тәртіп" айлығы шеңберінде 22 қаңтар күні Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен Zoom платформасы арқылы онлайн форматта кездесу ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 8-сынып оқушысы Ботабай Айдос пен 9-сынып оқушысы Асқарбекұлы Нұрисламбек қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға интернет алаяқтықтың алдын алу жолдары, цифрлық қауіпсіздікті сақтау қағидалары, сондай-ақ сенімді және жалған сайттарды ажырату тәсілдері түсіндірілді. Сонымен қатар қауіпсіз пароль қалыптастыру және оны дұрыс қолдану мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сонымен бірге интернет-дүкендерде кездесетін кең таралған алаяқтық әдістер туралы ақпарат беріліп, онлайн сауда жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша нақты ұсынымдар айтылды. Іс-шара оқушылар үшін мазмұнды әрі танымдық сипатта өтті.
Записаться на прием