2025 жылдың 10 қараша күні "Жол қозғалысы жас инспекторлары" жасағының жоспары негізінде «Мұзды жол — абай болайық!» тақырыбында 1–4 сынып оқушылары мен сынып жетекшілерінің қатысуымен 10 минуттық түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында қыс мезгіліндегі жол қауіпсіздігі, мұзды жолда жүру ережелері, абай болудың маңыздылығы жөнінде әңгімелер жүргізілді. Оқушыларға қауіпсіздік сақтау туралы бейнематериал көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы өз ойларын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты — бастауыш сынып оқушыларының жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, мұзды жолда сақтық шараларын үйрету және олардың қауіпсіздік ережелерін есте сақтауына ықпал ету.





