КГУ "Кирилловская СШ"
Ресми интернет-ресурс

«Жабық тақырыптағы ашық сұрақтар» атты қыздар жиналысы

«Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарының негізінде мектепте «Жабық тақырыптағы ашық сұрақтар» атты қыздар жиналысы өткізілді. Іс-шараға 5–11 сынып қыздары қатысты. Жиналыс ДТІЖО А.К. Мукашева, мектеп медбикесі Л.Е. Бозжигитова және әлеуметтік педагог О.К. Бекбаеваның бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесуде жасөспірім қыздардың жеке гигиенасы, өзін-өзі күту мәдениеті, қауіпсіздік, құқықтық сауаттылық және эмоционалдық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Сонымен бірге қыздар өз өнерлерін көрсетіп, шаш өру шеберліктерін таныстырды. Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың бойында жауапкершілік пен адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Записаться на прием