2026 жылдың 26–28 маусым аралығында Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман – жаңа қадам» атты V облыстық жас педагогтер слеті өтті. Аталған маңызды іс-шараға «Кирилловка орта мектебі» КММ-нің жас маманы, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ботабай Абылай Жеңісұлы қатысып, әріптестерімен тәжірибе алмасып, кәсіби біліктілігін арттырды. Слет бағдарламасы аясында педагогтердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, кәсіби құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған психологиялық және педагогикалық тренингтер, тәжірибе алмасу алаңдары ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – жас педагогтерге жан-жақты қолдау көрсету, олардың кәсіби дамуына қолайлы орта қалыптастыру және заманауи білім беру тәжірибелерімен таныстыру. Облыстық слет қорытындысы бойынша әріптесіміз арнайы сертификатпен марапатталды. Әріптесімізге шығармашылық шабыт, кәсіби табыс, толағай жетістіктер тілейміз!
Жаңалықтар
«Жас маман – жаңа қадам» атты V облыстық жас педагогтер слеті
Қаралды: 7





